 
                                
             31.10.2025
                31.10.2025
        2025 жылғы 30 қазанда аудандық тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары ассоциациясының онлайн отырысы өтті. Отырыста келесі мәселелер қаралды:
1.«Адал Азамат» Біріккен тәрбие бағдарламасын 2025–2026 оқу жылында жүзеге асыру жоспары туралы ақпарат. Есепті Орал №4 мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Кравцунова Е.В. дайындады.
2. Республикалық «ДосболLike: достыққа қол соз» антибуллинг бағдарламасын енгізу жұмыстары. Есеппен Орал №3 мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Ионина Ю.А. таныстырды.
3.Атбасар ауданындағы білім беру ұйымдарында ата-аналарға арналған педагогикалық қолдау орталықтарының қызметін ұйымдастыру. Есепті Сергеевка ауылы мектебінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Кадырова М.А. дайындады.
Барлық қатысушылар қаралған мәселелер бойынша белсенді пікір алмасты, тәжірибе бөлісті және аудан мектептерінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелерді талқылады. Отырыс конструктивті және өнімді атмосферада өтті.
