Текст
     
                                
             30.10.2025
                30.10.2025
        Спорт – денсаулық кепілі!
28 қазан күні Родионовка негізгі орта мектебінде денешынықтыру пәнінің мұғалімі Берлибеков С.М. каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 9-сынып оқушыларымен волейболдан жарыс ұйымдастырды.
Мақсаты: оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау және командамен бірлесе әрекет ету дағдыларын дамыту.
Жарыс өте тартысты өтті, оқушылар белсенділік танытып, өз шеберліктерін көрсетті. Қатысушыларға зор алғыс!
Спорттан қол үзбейік!
