Текст
15 қыркүйек күні Родионовка негізгі орта мектебінде Тілдер мерекесіне орай, жоспарға сәйкес ағылшын тілі пәнінің мұғалімі оқушылар арасында «Полиглот» атты тілдер сайысын өткізді. Сайыс барысында оқушылар өздерінің ой-өрісін кеңейтіп, бірнеше тілде еркін сөйлей білетіндіктерін көрсетті. Шара өте қызықты өтті, қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындап, білімдерін сынға салды. Белсене қатысқан 9-сынып оқушылары – Сулейманов Алан мен Савина Ангелина өз білімдерімен ерекшеленді.