Текст
11-қыркүйек 2025 жылы Родионовка ауылының негізгі орта мектебінің оқушылар тобымен Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған "Тіл және мәдениет" атты дөңгелек үстел өткізілді және кітап сөресі рәсімделді.
Шара барысында кітапханашы тілдің адам өміріндегі маңызы мен халықтар арасындағы достықты нығайтудағы рөлі туралы айтты.
Оқушылар белсенділік танытып, ана тілі туралы мақал-мәтелдер мен ұлы ойшылдардың нақыл сөздерін оқыды.
Іс - шараның мақсаты: өскелең ұрпаққа мемлекеттік тіл, ана тілі мен шетел тілдеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, толеранттылықты тәрбиелеу, халықтар арасындағы достық пен келісімді нығайту.