Текст
"Ал әзірге айтарым, қадірлі отандастарым, мен сіздерді мақтан тұтамын.
Осы күндері сабыр сақтап, тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге күш салған Қазақстан азаматтарына алғыс білдіремін.
Арандату мен деструктивті ұрандарға қарамастан заңға және өз елдеріңізге деген адалдықты сақтап қалдыңыздар.
Ірі қалалардағы студенттерге, еңбек ұжымдарының мүшелеріне, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының жұмысшыларына азаматтық ұстанымдарыңыз үшін алғыс айтамын.
Наразылықтың бейбіт тәртібін сақтағаны үшін өңір тұрғындарына ризашылығымды білдіремін"
Президент Қ.Тоқаевтың үндеуінен