Текст
04.12.2025
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің жоспарына сай 14 қараша күні 7–9-сыныптар арасында "Мен қазақпын!" тақырыбында эссе жазу байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, туған елге, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ойды сауатты жеткізе білуге баулу.
Оқушылар өз жүрек тебіреністерін қағаз бетіне түсіріп, қазақ халқының өткеніне, бүгініне және болашағына қатысты өз көзқарастарын әсерлі жеткізе білді. Әрбір шығармада ұлттық рух, елдік мұрат, тілге деген құрмет айрықша көрініс тапты.
Үздік деп танылған эсселер онкүндік жабылу кешінде марапатталады.
Барлық қатысушы оқушыларға шығармашылық жетістіктер тілейміз!
