10.01.2022
Еліміздегі ахуал өте күрделі.
Таразының басында Отанымыздың және балаларымыздың болашағы тұр.
Экстремисттер заңдарды сорақы бұзды, әлі де бұзып жатыр.
Бұл жағдай еліміздің азаматтарының өміріне және денсаулығына, мемлекетіміздің біртұтастығына қауіп төндіруде.
Барлық әріптестерімді, достарым мен отандастарымды түрлі арандатуларға берілмеуге, келіп жатқан ақпараттарды тексеруге, тек ресми және сенімді дереккөздерге жүгінуге шақырамын.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалыптасқан жағдай толық тұрақтанғанға дейін оларды үйден шығармауды, ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұраймын.
Біз мектеп демалысын 17 қаңтарға дейін ұзарту бойынша шешім қабылдадық.
Колледждер мен ЖОО студенттерінің демалысы 24 қаңтарға дейін жалғасады.
Балабақшалар жергілікті биліктің шешімімен әр елді- мекендегі ахуалға байланысты жұмыс істейді.
Президентіміз Қ.К. Тоқаев жағдайды тұрақтандыру бойынша, қауіпсіздігіміз және мемлекетіміздің біртұтастығын қамтамасыз етуге барлық шараларды қолдануда.
Осы сын сағатта барлығыңызды сақтық танытуға, Отанымыздың қауіпсіз және бейбіт болашағы үшін жұмылуға шақырамын!