«Бөбек» шағын орталығында Родионовка орта негізгі мектебінің мектепалды даярлық сыныбымен бірге «Нан күніне» арналған іс-шара өтті.
Мақсаты балаларға нанның адам үшін маңызын, дастарханымызға нан әкелу үшін неше түрлі мамандық иелерінің еңбек ететінін айту болды.
Бұл күні мұғалімдер Купабаева Б.Г. және Михалина О.Г. оқушылармен нанның қалай өсірілетіні, нанның қандай түрлері бар, нанның пайдасы туралы әңгімелесті. Осының барлығы балалардың шығармашылығында көрініс тапты: тамаша суреттер, тұзды қамырдан жасалған қолөнер.Сонымен қатар нан өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.Күн оқиғалы әрі қызықты өтті.
Нан туралы мақал-мәтелдерді оқу балаларға нанның ең маңызды азық-түлік өнімдерінің бірі екенін және оған құрметпен қарау керектігін түсінуге көмектесті.