Күн күлдіріп, жаз жайнатып каникул келді. Үш ай демалыста ойын баласының үйде қамалып отырмайтыны түсінікті. Ата-ананың да, ұстаздардың да бұл мезгілдегі басты мәселесі - жазғы каникулға шыққан баланың бос уақытын тиімді өткізу.
Биыл Родионовка негізгі мектебі бойынша 49 баланы жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен қамту жоспарланған. Ол үшін мектептің жанынан лагерьлер ұйымдастырылды. Сондай-ақ лагерьмен қоса аула клубы жұмыс жасайды. Каникулдың кезінде балалардың далада көп жүрмеуіне және өздеріне қажетті бір нәрсені үйренсін деген мақсатта аула клубтарына тартамыз. Шілде айында аула клубының екінші ауысымы өз жұмысын бастады және оны ұйымдастырушы дене шынықтыру мұғалімі Берлибеков Сайран Мадениетович.
Аула клубы бос уақыттарын тиімді өткізуіне жұмыс жасайды. Ойын балалары волейбол, баскетбол, футбол, тағы да басқа спорт түрлерімен айналысады. Жоғары сынып оқушылары аула клубының жұмыстарына белсене қатысып, қызықты да пайдалы өтуіне ат салысуда.