"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Родионовка ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "
"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Родионовка ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара

16.10.2025

2025 жылғы 3 қазанда Атбасар аудандық мәдениет үйінде Мұғалімдер күніне арналған салтанатты шара өтті.
Мерекелік жиынға ауданның педагогтары, еңбек ардагерлері мен қонақтар жиналды. Концерттік бағдарлама көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлап, мұғалім мамандығына деген құрмет пен алғыс сезімін одан әрі арттырды.
Салтанатты кеште құттықтау сөздерін Атбасар ауданының әкімі, мәслихат төрағасы және білім бөлімі басшысы жолдады.

Осы күні өз ісіне адал, білім беру саласына өлшеусіз үлес қосып жүрген ұстаздар марапатталды. Солардың ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білікті мұғалімі – Аубакирова Толқын Қонысбековна облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Толқын Қонысбековнаны кәсіби мерекесімен және жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаздық жолдағы табандылығыңызға, ұрпақ тәрбиесіне қосқан зор үлесіңізге, еңбегіңізге деген сүйіспеншілік пен адалдығыңызға алғыс білдіреміз!
Шәкірттеріңіздің жетістігі көбейіп, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!

Просмотров: 106


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст