Балаларға
арналған «Солнышко» мектеп алаңындағы
жұмысының есебі.
Атбасар
ауданының білім беру бөлімі Родионовка негізгі мектебі.
ІІ маусым
«Энтузиасты» (02.07-10.07.2018ж)
2 шілде күні екінші маусымның «Энтузиасты» атты мерекелік
ашылуы өтті, отрядты қалыптастырудан басталды. Мерекелік концерт «Сәлем,жаз
мезгілі!», барлық балаларға ұнады, себебі олар тек қана тамашалап отырмай,
өздеріде белсене қатысты: өлең айтып, жаз туралы ән салды. Бұл күн асфальтта
сурет салумен аяқталды, мектеп алаңын
түрлі түсті бояумен әрлеп қойды.
3 шілде – Спорт журналистының күні. Сақтық шаралары жайында лагерь балаларымен
түсіндіру техникасын өткіздік: «Лагерге
апарар қауіпсіз жол». «Өзің жайлы айт» ойыны балаларға айналасындағы адамдар
туралы көп қызықты мағлұмат алуға мүмкіндік берді, өздері жайлы да әңгімелеуді үйретті. Таза ауадағы ойын
балаларға күні бойы жайлы қуат беріп,
жақсы физикалық шаттық сыйлайды.
5 шілде – Астананың туған күні. « Көп тәтті – зиян!»
Балалармен «Астана –менің сүйкті қалам» атты саяхат өткіздім. Мерекенің
мақсаты: балаларды Қазақстан Республикасының астанасы – Астананың тарихымен
таныстыру . Тәрбиеші балаларға Қазақстанның астанасының тарихы жайлы айтып
берді, қаланың құрылысы қалай өткенін, Астана және қазақстандықтар қандай ғимараттарымен мақтан тұтатыны жайлы.
Биыл астанамыз өзінің 20 жылдығын тойлап жатыр. Мерекелік іс шара барысында астанамыз жайлы өлеңдер айтылып, ән салынды.
9 шілде – Лагердің мисс және мистері «Жаз – 2018». Денсаулық минуты «Аяқтың шаршаңқылығын қалай
кетіру», мұнда балаларға қарапайым аяқтың шаршауын басатын әдістерді
үйреттік. «Жаз- 2018 мисс және мистері»
конкурсында біз ең талантты, әдемі, ақылдыларын таңдадық. Бұны істеу қиын болды, себебі барлық бала
сондай еді. Тек сыртқы сұлулық қана маңызды емес, ішкі жан дүниесіне де мән беру
керек. Ұлдар мен қыздар бұған көз
жеткізді, әр түрлі тапсырмаларды өте жақсы орындап. Бұл күн балалар үшін сүйікті мультфильмдарын
көрумен аяқталды.
10 шілде – бұл күн ерекше өтті: көңілді әрі мұңды болды.
Себебі бұл «Қоштасу күні». Көңілді өткен себебі, мерекелік бағдарлама өте
қызықты, шаттықты және айқынды болды.
Біз тағы да ойындармен конкурстар өткіздік. Ең қызықты болған спорттық іс шара ол «Анам,әкем
және мен – спорттық отбасы», мұнда
балалар ата анасымен командада өздерінің күштерін,мықтылығын,
шапшандылығын көрсетті. Жабылу
салтанатына арналған, мерекелік жиналыста еш бір бала назарсыз қалмады, әр бала
мерекелерге қатысқаны үшін мадақтама мен тәтті сыйлықтар алды. Сонда да бұл күн көбіне мұңды өтті десе де
болады, себебі біз қоштастыққой. Жуырда
қыркүйекте кездесетінімізді білсекте, тәрбиешілерін, достарын, мектеп
қабырғасын қалдыру балалар үшін қимастықпен өтті.