Текст
6 ақпанда "Родионовка ауылының негізгі орта мектебі"; КММ-де "Физика
оқулығының беттері бойынша" сыныптан тыс іс-шара өтті Бұл іс-шараның
мақсаты: физика пәніне қызығушылықты дамыту, пән бойынша білімді
тереңдету. Математика пәнінің мұғалімі Мотузок Надежда Александровна
үш кезеңдегі викторина: блиц турнирі, капитандар сайысы, тарих дөңгелегі
өткізді. Оқушылар белсенді болды және өз білімдерін көрсетті. 1 команданың
оқушылары жақсы нәтижеге қол жеткізді: Купабаева Аида, Вальдер Алина ,
Камалетдинов Тимур, Рамильұлы Арыстан, Савина Ангелина. Олар жүлделі
орынға ие болды.